keremet

Қош келдіңіз

Түркияда оқитын барлық стүденттер осында жиналайқ!!!!

Құрметті 'Керемет' блогумыздың мүшелері Түркияда оқитын барлық достарыңызға щакыру жіберіңіздер. Осында әдемі сүрет және видео бөлісіп форумда пікір-талас жүргізіп тұрайық.

Forum

Futbol basekesi turali fikir oydariniz !!! 2 Replies

Jil sayin jurilip kele jatkan "Futbol Basekesi" byil ISTANBUL kalasinda 18-19i kunderi jurilgey otir eken. Osi basekenin berekeli bolip otui uwin fikirderinizdi jazinizdar.Continue

Started by Асылбек. Last reply by Асылбек Nov 16, 2010.

Members

Latest Activity

Öykü Büyükdere is now a member of keremet
May 1
esku is now a member of keremet
Mar 8, 2011
SeRiKjAn commented on Асылбек's video
Thumbnail

Mongolian Students in Turkey

"Ruya komandasi :)"
Feb 17, 2011
SeRiKjAn commented on Асылбек's video
Thumbnail

Mongolian Students in Turkey

"Jasasin Bizdin Kazakhtar..."
Feb 17, 2011
SeRiKjAn is now friends with Baidolda and asilbek
Feb 17, 2011
jenifer is now a member of keremet
Feb 17, 2011
ertay is now a member of keremet
Jan 12, 2011
Асылбек replied to Асылбек's discussion Futbol basekesi turali fikir oydariniz !!!
"Arine tattu tatti bolip otetinine kumanim jok. Uytkeni Turkyadagi bir uis kazakhtar ote akildi goy berekewil goy. Jurgizip jatkan barlik bauirlarga mol tabis tileymn jane rahmet ayttam. "
Nov 16, 2010
Nauka replied to Асылбек's discussion Futbol basekesi turali fikir oydariniz !!!
"slm abi. byil basekemz jurledi brah aramzdasda sz johsnz... okiniwti. brahta basekemiz tatu tatti berektti bop otetinine senimdi boliniz !!!"
Nov 13, 2010
Profile Iconkeremet now has Muziic
Nov 12, 2010
Асылбек posted a discussion

Futbol basekesi turali fikir oydariniz

Jil sayin jurilip kele jatkan "Futbol Basekesi" byil ISTANBUL kalasinda 18-19i kunderi jurilgey otir eken. Osi basekenin berekeli bolip otui uwin fikirderinizdi jazinizdar.See More
Nov 11, 2010
nurgabat is now a member of keremet
Sep 14, 2010
aslan and BEKBOLAT KHOZYBAİ are now friends
Jul 26, 2010
Асылбек left a comment for snbol
"Erka tulgan kun hutti bolsin. Demalis konildi ma. Tilegen arman oydarina jetebergeysin dep tileymn. Demalisin konildi bolsin azirge."
Jul 24, 2010
Асылбек left a comment for ashok
"Tugan kunin hutti bolsin. Tilegen armandarina jetebergeysin."
Jul 24, 2010

Birthdays

There are no birthdays today

 

Mongolian students championship


Photos

Loading…

Muziic

БЕРЛИНГЕ БАРҒАН «БАЙ-ӨЛКЕ» ТАНКІСІ

Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылдың 22 маусымы күні Моңғол елі де төбесінен жай түскендей қатты абыржыпты. Өйткені шығыс жағында жапондар өңмеңдеп, шекараға дейін тіреліп, келіп алған. Онымен қоймай, құныққан милитаристер аузы алты қарыс Қытайдың шығыс өңірін басып алып, Манж-го атты қуыршақ мемлекет орнатып қойғанын қайтерсіз. Қытайдың басқа өлкелері қалтырап-дірілдеп әзер отырды.
1939 жылы жұлқына берген жапондарды Халкин-гол өзені маңында Кеңес әскері бір тықсырып тастаған-тын. Бірақ қауіп әлі сейілген жоқ. Енді міне, арқа сүйеп, өздерін адам қатарына қосар деп үміт артып отырған жалғыз «ағасы» – Кеңес еліне сұм фашистердің баса-көктеп кіріп кетуі, әрине, жақсы емес. Басқалар сияқты шоқпарын алып, тұра ұмтылатындай қауқар қайда.

Сонымен елдің басшылары ақылдаса келіп, соғыс басталған күннің ертеңінде Мемлекеттік Кіші Құрылтайдың кезектен тыс сессиясын шақырыпты. Құрылтай мүшелері ары-бері ақылдасып, Кеңес жауынгерлеріне қаржылай һәм мүліктік көмек көрсету керек деп шешкен. Осылай халық арасында «Екінші дүниежүзілік соғысқа көмек» акциясы ұйымдастырылып, малшы араттар қолындағы жылқысын, сандығындағы алтын-күмісін, қойдың иленген терісінен жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін жинайды.

Алғашқы көмекті 1941 жылдың қараша айында жолдайды. Бұл жолы 15 мың тері тон, 3 мың бума азық-түлік, барлығы 1,8 млн сомның дүниесін жөнелтеді.

Келесі кезекте жиналған 100 келі алтын, 100 мың америка доллары, 2,5 млн моңғол ақшасын 1942 жылдың басында «Внешторгбанк»-тің есеп-шотына аударады. Бұл қаржы қолма-қол танк шығаратын зауыттарға жіберіліп, 53 танк жасалады. Оның 32-сі – «Т-34» маркалы жаңа танктер. Нәтижесінде «Революциялық Моңғолия» атты танк колоннасы пайда болады.

Тек осы 1942 жылдың өзінде майданға көмек ретінде 236 вагон жүк жөнелтілген. Атап айтқанда, азық-түлік заттары – 600 тонна, тері тон – 30 мың дана, 27 мың киік (ақ бөкен) еті, т.б. Бұлардан басқа 485 мың жылқы айдалған.

1943 жылы тағы да қарапайым араттар (халықтар) тапқан-таянғанын жинап-теріп, 2 млн сомға «Моңғол арат» атты ұшақтар эскадрильясын жасақтайды. Ұшақтарды Смоленск облысындағы «Вязовая» стансасында орналасқан 322-ші жойғыштар дивизиясының 2-ші гвардиялық полкына табыс етеді. Осы моңғол ақшасынан жасалған ұшақтарға отырған кеңестік ұшқыштар арасынан – Н.Пушкин, А.И.Майоров, М.Е.Рябцев секілді Кеңес Одағының Батырлары шыққан екен.

Осының бәрін жиып-теріп, өзіміздің «домалақ» есеппен шамалағанда, майданға моңғол араттары 65 млн сомның дүниесін жіберіпті.

Мұндай үлкен халықтық науқаннан Бай-өлкенің қазақтары қалай тыс қалсын?! Олар да ел қатарлы азық-түлік өнімдерін жинап тапсырған. Аймақтық архив қорында сақталған мәліметтерге қарағанда, 1941-1942 жылдары аймақ халқы 702 899 сомның дүниесін жинап, 4791 күлігін майданға жіберген. 1943 жылы 376 370 сомды ақшалай табыстап, оған қосып 2629 жылқы берген. 1944 жылы 103 768 сом жинап, тағы да 791 ат дайындаған. 1945 жылдың басында 1071 ат берген екен (Аймақтық архив қоры, ф-4, хд-3).

Осы жиналған дүниелерді майданға жеткізіп беріп, елдің аманатын табыстау үшін сол кездегі аймақ басшыларының бірі - Қашқынбай Мәлікұлы 1942 жылы қысқа салым жолға шығады. Аяңдап астанаға барады. Сол жерде мемлекет басшысы Х.Чойбалсын басқарған делегаттармен бірге Мәскеуге қарай беттейді.

Қашекең осы сапары жайында 1985 жылы Жеңістің 40 жылдық мерекесі қарсаңында «Өмір өрнектері» дейтін көлемді естелік жазып қалдырыпты. Осы естеліктен үзінді келтірсек: «…1942 жылдың күзінде мені Ұлан-батырға шақырды. Қызыл Армияға көмек апаратын топтың құрамына енгізіпті. Делегацияны маршал Х. Чойбалсын бастап жүрді. «Төңкерісшіл Монғолия» атты танк колоннасына сыйға тарту үшін 1942 жылы қараша айында жолға шықтық. 1943 жылы 12 қаңтар күні Мәскеу маңындағы Наро-Фоминский дейтін шағын қалашықта Монғол жұртының қаражатына жасалған 53 танкті полковник М.Т.Леонов басқарған 112-ші Қызыл тулы танк бригадасына тапсыру рәсімі өтті. Мен қабырғасына «Баян-Улгей» деген үлкен жазуы бар танкті экипаж командирі Резковқа тапсырдым. Ол мені танкке отырғызып, ары-бері алып жүрді. Бай-өлкеліктер жинап берген азық-түлік, киім-кешекті солдаттарға үлестіріп бердім. Жиын соңында бригада командирі: – Біз бұл танкілермен Берлиннің көшесін таптаймыз, – деді».

Жоғарыдағы 112-ші танк бригадасы туралы Монғол баспасөзінде көп жазылыпты. Монғол елі сыйлаған 53 танктің он шақтысы 5375 шақырым жол жүріп, Берлинге барған. Бір таңғаларлық жағдай, «Баян-Улгей» атты танк те аман-есен Берлинге тұмсық тіреп тоқтапты. Осы танк бригадасынан соғыс жылдары 16 Кеңес Одағының Батыры шығыпты.

Соғыстан кейін бригадаға Сүхе-батор есімі беріліпті.
 
 
 

keremet is a social network

© 2012   Created by Асылбек.   Powered by

Report an Issue  |  Terms of Service